Үшінші раундта нокдаун болды. Канело үш титул үшін айқасты

©Premier Boxing Champions

Лас-Вегаста өткен бокс кешінде мексикалық  Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 КО) тегі пуэрториколық Эдгар Берлангамен (22-1, 17 КО) үш титул үшін айқас өткізді, деп жазады Vesti.kz.

Жекпе-жек толық 12 раунд өтті, оның қорытныдысы бойынша Канело жеңіске жетті. Үшінші раундта Берланга нокдаунға түсіп қалды. Осы жеңіс арқасында мексикалық боксшы екінші орта салмақта WBA, WBC және WBO белбеулерін қорғап қалды. 

Бұл Канелоның 62-ші жеңісі болды. Мексикалықтың екі жеңіліп, екі рет тең түскені де бар. Ал Берланга осыған дейін жеңіліп көрмеген еді, ол осыған дейінгі 22 қарсыласының бәрін жеңген болатын.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар