Бокс
14 қаңтар 2019 13:03
 

"Үшінші жекпе-жек керек емес". Экс-чемпион екі жекпе-жектің зардабын атады

  Пікірлер

blog.share

"Үшінші жекпе-жек керек емес". Экс-чемпион екі жекпе-жектің зардабын атады © Bloody Elbow

Орта салмақта бұрынғы чемпион америкалық Келли Павлик белгілі тележүргізуші Джо Роганның телестудиясында болып, Головкин мен "Канелоның" жекпе-жектеріне сараптама жасады,- деп хабарлайды Fightnews.info.

"Бірінші жекпе-жекте менде Головкин тоғыз да, үш есебімен жеңді. Алғашқы үш раундты Сауль алды, қалғандары GGG есебінде. Қарымтаға қатысты, меніңше, "Канело" аз ғана басымдықта болды. 

Альварес екінші жекпе-жекте біраз өскендігін көрсетті. Жекпе-жектің алғашқы бөлігін Сауль денеге жасалған соққы есебінен алды. Барлығы Головкин джеб арқылы бәрін қадағалауында ұстады деп ойлайды, алайда, GGG ірілігін пайдаланбай, алдыңғы қолымен ғана шектелуі, Саульдің денеге соққылары ауыр болғандығына байланысты. 

Алғашқы бөлігін Сауль алды, қарқындық пен жекпе-жек барысын бақылауда ұстады. Иә, Головкин соңында басым болды, бірақ, кештеу. Сондықтан менде "Канело" бір-екі раунд басымдықпен жеңді.

Сонымен қатар, Павлик үшінші жекпе-жектің орындылығы туралы да айта кетті. 

Үшінші жекпе-жек болмайды деген үміттемін. Рингте "Канело" сияқты мықты боксшы мен Головкин сияқты қорқыныш ұялататын нокаутшы шыққанда, нокаут немесе нокдаун болмаса да, боксшылар үшін өте ауыр. Мұндай кездесуде шынымен көп нәрсені қалдырып кетесің. Олардың екі кездесуде көрсеткендері мол. 

Саульдің келесі жекпе-жегінде GGG-мен жұдырықтасқанның салдары көрінетін шығар. Қалай болсын, бұл ізсіз қалмайды. Меніңше, үшінші жекпе-жек "Канелоның" карьерасын қысқартады. Головкин болса менің құрдасым, жылдар өтіп жатыр, оның карьерасы онсыз да аяқталуға жақын. Бұл екі жекпе-жек сұмдық болды.

Мен шынымен үшінші жекпе-жекті қаламаймын. Бірақ ұйымдастырса, міндетті түрде тамашалаймын. Головкин әлі қанша жұдырықтасатынын білмеймін, дегенмен, айтқанымдай ол қартайып келеді, - деп атап өтті Павлик. 

blog.share
Орта салмақта бұрынғы чемпион америкалық Келли Павлик белгілі тележүргізуші Джо Роганның телестудиясында болып, Головкин мен "Канелоның" жекпе-жектеріне сараптама жасады,- деп хабарлайды 
info/kelli-pavlik-schitaet-alvaresa-pobeditelem-vo-vtorom-boju-s-golovkinym/">Fightnews.
info
.


"Бірінші жекпе-жекте менде Головкин тоғыз да, үш есебімен жеңді.
Алғашқы үш раундты Сауль алды, қалғандары GGG есебінде.
Қарымтаға қатысты, меніңше, "Канело" аз ғана басымдықта болды.
 

Альварес екінші жекпе-жекте біраз өскендігін көрсетті.
Жекпе-жектің алғашқы бөлігін Сауль денеге жасалған соққы есебінен алды.
Барлығы Головкин джеб арқылы бәрін қадағалауында ұстады деп ойлайды, алайда, GGG ірілігін пайдаланбай, алдыңғы қолымен ғана шектелуі, Саульдің денеге соққылары ауыр болғандығына байланысты.
 

Алғашқы бөлігін Сауль алды, қарқындық пен жекпе-жек барысын бақылауда ұстады.
Иә, Головкин соңында басым болды, бірақ, кештеу.
Сондықтан менде "Канело" бір-екі раунд басымдықпен жеңді.


Сонымен қатар, Павлик үшінші жекпе-жектің орындылығы туралы да айта кетті.
 

Үшінші жекпе-жек болмайды деген үміттемін.
Рингте "Канело" сияқты мықты боксшы мен Головкин сияқты қорқыныш ұялататын нокаутшы шыққанда, нокаут немесе нокдаун болмаса да, боксшылар үшін өте ауыр.
Мұндай кездесуде шынымен көп нәрсені қалдырып кетесің.
Олардың екі кездесуде көрсеткендері мол.
 

Саульдің келесі жекпе-жегінде GGG-мен жұдырықтасқанның салдары көрінетін шығар.
Қалай болсын, бұл ізсіз қалмайды.
Меніңше, үшінші жекпе-жек "Канелоның" карьерасын қысқартады.
Головкин болса менің құрдасым, жылдар өтіп жатыр, оның карьерасы онсыз да аяқталуға жақын.
Бұл екі жекпе-жек сұмдық болды.


Мен шынымен үшінші жекпе-жекті қаламаймын.
Бірақ ұйымдастырса, міндетті түрде тамашалаймын.
Головкин әлі қанша жұдырықтасатынын білмеймін, дегенмен, айтқанымдай ол қартайып келеді, - деп атап өтті Павлик.
 

Жарнама

Живи спортом!