Ұшақта жолаушыны соққыға жыққан Тайсонға қатысты шешім шықты
Ауыр салмақта әлемнің экс-абсолют чемпионы Майк Тайсонға ұшақта болған келеңсіз жағдай үшін ешқандай шара қолданылмайды. Бұл туралы Сан-Матео округінің прокуроры Стивен Вагстафф мәлімдеді.
Ауыр салмақта әлемнің экс-абсолют чемпионы Майк Тайсонға ұшақта болған келеңсіз жағдай үшін ешқандай шара қолданылмайды. Бұл туралы Сан-Матео округінің прокуроры Стивен Вагстафф мәлімдеді.
"Біз Сан-Франциско полиция Департаментінің әзірлеген есебін және ұшақта болған жағдайдың бейнематериалдардан қарап шықтық. Нәтижесінде мистер Тайсонға қарсы ешқандай шара қолданбаймыз", - деп жазады ММА Mania басылымы прокурдың сөзін негізге алып.
Еске салайық, 20 сәуір күні Майк Тайсон Сан-Францискодан Флоридаға ұшқалы тұрған сәтінде ұшақта мазасын алған жолаушыны соққының астына алған еді.
Жарнама