Бокс
23 тамыз 2021 13:19
 

Үш титулы бар Айдос Ербосынұлы WBO рейтингінде орнын өзгертті

  Пікірлер

blog.share

Үш титулы бар Айдос Ербосынұлы WBO рейтингінде орнын өзгертті Сурет: Suleimen Promotions©

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтингінде бір саты төмендеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтингінде бір саты төмендеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, екінші орта салмақ рейтингінде Айдос төртінші орыннан беске сырғыған. Бұл дивизионда көшбасшы британиялық Зак Паркер (21-0, 15 КО), ал чемпиондық белбеу мексикалық Сауль "Канело" Альваресте (56-1-2, 38 КО).

Қазақ боксшысы келесі жекпе-жегін 12 қыркүйекте өткізеді. Қарсыласы - гайаналық Аллен Леннокс (22-1-1, 14 КО).

Ербосынұлы былтыр желтоқсаннан бері рингке шықпағанын айта кетейік. Ол кезде Қазақстан астанасында өткен бокс кешінде Айдос ганалық Исса Самирді (19-1, 16 КО) нокаутқа түсіріп, WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдарын қорғап қалған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!