Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбеттің (14-0, 12 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.
BoxRec.com мәліметінше, Бек рингке 24 мамыр Калифорниядағы Сан-Диего қаласындағы бокс кешінде оралады.
Қарсылас әзірге белгісіз
Қазақстандық боксшы кейінгі айқасын 6 сәуір Филадельфияда (Пенсильвания штаты, АҚШ) өткізіп, костариколық Энкарнасьон Диасты (20-6, 11 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Бұл қазақ боксшының кәсіпқой карьерасындағы 14-ші жеңісі, оның он екісін нокаутпен аяқтап отыр. Ал кейінгі жеті айда Бек үшінші рет рингке шығып отырғанын айта кетейік. Енді міне нокаутпен жеңістен үш күн өте Бектің келесі жекпе-жегі белгіленді.
Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет атақты мексикалық Сауль "Канело" Альварестің командасында жаттығып, онымен спаррингтер өткізеді.
Жарнама