Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) Алматыдағы бокс кешінің басты айқастарының бірінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандықтың қарсыласы "Tiger" лақап атты оңтүстік африкалық Ксолани Мкотели (19-7, 12 KO) болды. Он раундқа есептелген айқас алтыншысында техникалық нокаутпен аяқталды. Ал оған дейін қазақ боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді.
Осылайша, Жүкембаев карьерасында 20-шы рет жеңіске жетіп отыр оның он алтысы нокаут.
Айта кетейік, мұның алдында Батыр рингке былтыр желтоқсанда шыққан болатын. Ол кезде қазақ нокаутшы мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті 69 секундта нокаутқа түсірген еді.