Бокс
4 қараша 2021 11:06
 

Үш қарсыластың екеуін сұлатқан. Қазақ боксшы бүгінгі жартылай финалда нокаутшымен шығады

  Пікірлер

blog.share

Үш қарсыластың екеуін сұлатқан. Қазақ боксшы бүгінгі жартылай финалда нокаутшымен шығады ©AIBA

Белградта өтіп жатқан әлем чемпионаты аяқталуға жақын. Бүгін, 4 қараша жартылай финал жекпе-жектері өтеді. Қарсыластар мықты болғандықтан қазақстандық боксшыларға барын салу керек. Мәселен Теміртас Жүсіповке нокаутшы түсіп отыр. Толығырақ Vesti.kz материалында. 

blog.share

Белградта өтіп жатқан әлем чемпионаты аяқталуға жақын. Бүгін, 4 қараша жартылай финал жекпе-жектері өтеді. Қарсыластар мықты болғандықтан қазақстандық боксшыларға барын салу керек. Мәселен Теміртас Жүсіповке нокаутшы түсіп отыр. Толығырақ Vesti.kz материалында. 

Әуесқой бокста нокаут кездесе бермейді. Әсіресе жеңіл салмақта. Алайда биылғы әлем біріншілігі бұл жағынан өзгеріс әкелді. 

49 келідегі Жүсіпов 1/2 финалда кездесетін беларуссиялық Евгений Кармильчик те үш айқасының екеуінде қарсыластарын бірінші раундта сұлатқан. Сондықтан қазақ боксшыға босаңсуға болмайды. 

Кармильчик қорғаныстағы әлсіз тұсты бірден тауып алады және сол сәтте шабуылдайды. Боксшы Шри-Ланка өкілі Саджива Мутунака мен моңғолиялық Ганхуяг Ганерденені нокаутқа түсірген. 

Белорус 23 жаста. Негізгі жетістіктері жастар арасында болған. Кармильчик Еуропа чемпионатының, Еуропа ойындарының жүлдегері, сосын әлбетте өз елінің чемпионы. Боксқа 13 жаста келген, ал 14 жасында Алексей Волчанның қол астында жаттыға бастады.

Әлем чемпионатындағы Кармильчиктің кепілді қоласы Беларусь үшін кейінгі алты жылдағы алғашқысы болып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!