Жартылай орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Кит Турман (30-1, 22 KO) үш жылдық үзілістен кейін рингке оралды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аустралияның Сидней қаласында өткен бокс кешінде Турман жергілікті боксшы Брок Джарвиспен (22-1, 20 KO) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
DAMN
— BOXING n BBQ (@BOXINGnBBQ) March 12, 2025
Keith Thurman smelled ?
Then he calls out TIM TSZYU#BOXINGnBBQ#Boxing #ThurmanJarvispic.twitter.com/MvQaBNZXj3
Айта кетейік, 36 жастағы Турман кәсіпқой карьерасын 2007 жылы бастап, 2015 жылы әлем чемпионы атанды. 2017 жылы наурызда Турман отандасы Дэнни Гарсияны жеңіп, екі белбеу иеленді. Ал карьерасындағы жалғыз жеңіліс атақты филиппиндік Мэнни Пакьяодан болды.
Жарнама