Бокс
22 сәуір 2019 15:20
 
Үндістандық боксшыдан жеңілген қазақсатндық әлем чемпионы Азия чемпионатында жүлдесіз қалды

  Пікірлер

blog.share

Үндістандық боксшыдан жеңілген қазақсатндық әлем чемпионы Азия чемпионатында жүлдесіз қалды Қайрат Ералиев. Сурет: Данияр Майлыбаев©

Бокстан 2017 жылғы әлем чемпионы қазақстандық Қайрат Ералиев Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

56 келіге дейінгі салмақта 1/4 финал жарысында жерлесіміз үндістандық боксшы Кавиндер Сингх Биштеге есе жіберіп алды.

Ералиев пен күндізгі сессияда қатар жұдырықтасқан тағы бір қазақстандық Теміртас Жүсүпов 49 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға өте алды.

Осылайша, Ералиев Қазақстан құрамасы сапынан жарысты аяқтаған екінші боксшы. Мұның алдында 1/8 финалда Әнуар Мұзаппаров (52 келіге дейін) жеңілген еді.

Жарнама

Живи спортом!