Уилл Смит шапалақпен салып жіберген жүргізушінің інісі оны жекпе-жекке шақырды

Комик Крис Роктың інісі Кенни Рок актер Уилл Смитпен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді, деп жазады Матч ТВ.
Комик Крис Роктың інісі Кенни Рок актер Уилл Смитпен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді, деп жазады Матч ТВ.
Крис Рок пен Уилл Смит рингте кездесуі керек пе деген сауалға Кенни Рок, - жоқ, шаршы алаңға мен шығуым керек. Менің ағам Смиттің кешірімін қабылдады деп ойламаймын, - деп жауап берді.
Еске салайық, Уилл Смит салтанатты іс-шарада белгілі жүргізуші Крис Рок актердің әйелі туралы әзілдегенде шапалақпен тартып жіберген еді. Марапаттау рәсімінде Смит "Король Ричард" фильмінде ер адамның ең үздік рөлін сомдағаны үшін Оскар сыйлығын алды.
Жарнама