UFC қазақ нокаутшыны әлемдегі ең мықты боксшының бірі деп мойындады

UFC Fight Pass стриминг қызметінің аккаунты қазақстандық Садриддин Ахмедовтың (14-0, 12 КО) келесі жекпе-жегі жайлы құлақтандырды.
UFC Fight Pass стриминг қызметінің аккаунты қазақстандық Садриддин Ахмедовтың (14-0, 12 КО) келесі жекпе-жегі жайлы құлақтандырды.
26 жастағы қазақ боксшы 13 желтоқсанда Санта-Инезедегі (Калифорния штаты, АҚШ) Chumash Casino аренасында өтетін бокс кешінің басты айқасында жұдырықтасады. Қарсылас америкалық Рафаэль Игбокве (17-5, 7 КО). Орта салмақ лимитіндегі жекпе-жек он раундқа есептелген.
"13 желтоқсан! Садриддин Ахмедов рингке оралады! Үздіктердің бірі және ең әсерлі боксшы ойынға қосылды! Өткізіп алмаңыздар!" - деп жазыпты UFC Fight Pass Instagram желісінде.
Жарнама