UFC-дің экс чемпионы кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегін өткізді
Жартылай жеңіл салмақта Bellator ұйымының чемпионы, бразилиялық Крис Сайборг кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Жартылай жеңіл салмақта Bellator ұйымының чемпионы, бразилиялық Крис Сайборг кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
37 жастағы Сайборг кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасында 39 жастағы отандасы Симона да Сильвамен жұдырықтасты.
Бразилияның Куритибе қаласында өткен кездесу сегіз раундқа жоспарланған болатын. Оның қорытындысы бойынша Сайборг төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.
— follow @jakeshreds420 (@shredsclips) September 26, 2022
Айта кетейік, Сайборг - UFC, Strikeforce және Invicta FC ұйымдарының чемпионы болған.
Ал Симона болса осы уақытқа дейін 22 кездесу өткізіп, 17 кездесуде жеңіске жеткен.
Кәсіпқой бокстағы дебюті алдында Сайборг аралас жекпе-жектегі карьерасын ары қарай жалғастыра беретінін айтқан. Дегенмен бокстан ұсыныс түссе, шаршы алаңға шығуға да қарсы емес екенін білдірді.
Жарнама