Бокс
6 қазан 2022 20:13
 
"Тым кәрі". Сарапшы 23 нокауты бар "Жыртқышпен" айқасқалы жүрген Қанат Ислам туралы

  Пікірлер

blog.share

"Тым кәрі". Сарапшы 23 нокауты бар "Жыртқышпен" айқасқалы жүрген Қанат Ислам туралы ©egemen

Орта салмақта жұдырықтасатын Қанат Исламға (28-1, 22 KO) "Жыртқыш" лақап атты аргентиналық Хавьер Франсиско Масьельмен (34-17, 23 КО) өтетін жекпе-жегінен кейін спорттық карьерасын аяқтау керек. Бұл туралы Delcotimes.com сайтының журналисі Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұахбатында айтты.

"Қанаттың үлкен бокста әлі күнге дейін жүргеніне таңым бар. Бокс үшін ол тым кәрі. Оның уақыты өтіп кетті. Қанаттың биік белесті бағындыратын құралы қалмады. Әрине ол алдағы қарсыласын еш қиындықсыз нокаутқа түсіре салады. Оның тәжірибесі басым. Бірақ қартайды, шау тартты. Ол енді мықты қарсыластарын қызықтыра алмайды. Оған бокстан кету керек. Бұрынырақ карьерасын аяқтау керек еді. Менің ойымша, Қанат мүмкіндігін жіберіп алған секілді", - дейді МакКаферри.

Еске салайық, Қанат Ислам биылғы жылдың ақпан айында британиялық Джимми Келлиге (26-2, 10 КО) жеңілгеннен кейін рингке бірінші рет шығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!