Twitter Геннадий Головкиннің парақшасын бұғаттап тастады
© DAZN
Twitter микроблог сервисі қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ресми парақшасын бұғаттап тастады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұғаттауға сервисті қолдану ережесінің бұзылуы себеп болған. Ал нақты қандай ереженің бұзылғаны хабарланған жоқ. Головкиннің командасы әзірше бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді.
Бұған дейін суперауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Тайсон Фьюридің де Twitter-аккаунты бұғатталған болатын. Оның парақшасына хакерлер шабуыл жасаған. Кейін боксшының аккаунты бұғаттан шықты. Головкиннің парақшасын да хакерлер бұзып кіруі мүмкін.

Жарнама