Бокс
13 сәуір 21:54
 

Түсініксіз бір боксшы күтпеген жерден Әлімханұлын айқасқа шақырды

  Пікірлер

blog.share

Түсініксіз бір боксшы күтпеген жерден Әлімханұлын айқасқа шақырды ©Тұрар Қазанғапов

Америкалық боксшы Джахай Такер (16-3, 4 KO) орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Америкалық боксшы Джахай Такер (16-3, 4 KO) орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Күтпеген шақыру

Карьерасы керемет болмаса да, 22 жастағы боксшы кез келген чемпионға қарсы тұра алатынын мәлімдеді. Оның ішінде Жәнібекті ерекше атап өтті. 

"Ол (Әлімханұлы) мен нақты көздеп отырған қарсылас. Мен чемпиондардың кез келгенімен айқасуға дайынмын. Жәнібек - ең қарапайым нұсқа, өйткені оның да ісін Top Rank жүргізеді", - дейді боксшы Зак Шумейкер YouTube арнасына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, америкалық боксшы айтып отырған Top Rank компаниясы Әлімханұлы мен Такердің де ісін жүргізеді. 


Джахай Такер деген кім?

Бірақ Такер 72,5 келіде өнер көрсетпейді, яғни, Әлімханұлының салмағында емес. Ол көбіне бірінші жартылай орта дивизионда (63,5 келіде) жұдырықтасады. Бұл орта салмақтан төрт категория төмен. 

5 сәуір Астанада Әлімханұлы титулдарын сәтті қорғап, франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) нокаутқа түсірген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!