Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Егер Андраде жарақат алып 160 фунтта қолғап түйістірмесе, ол титулды босатуы тиіс. Не себепті ол әлі күнге дейін титул иеленіп жүр? Осыны түсінбеймін", - деп жазды Әлімханұлы твиттер парақшасында.
Еске салайық, 21 мамыр күні отандасымыз WBO тұжырымының "уақытша" чемпионы белбеуі үшін британиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы жұдырықтасады.