Орта салмақта жұдырықтасатын намибиялық боксшы Лукас Ндафолума (19-3, 10 КО) қазақстандық Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 KO) келесі қарсыласы болуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне жағдайға жақын дереккөз хабарлады.
Жарақат алып, айқастан бас тартқан украиналық Станислав Скороходтың (20-2, 17 КО) орнына үш боксшы қарастырылып отыр, олардың арасында Ндафолума бар екен.
Намибиялық 2019 жылы Алматыда Айдос Ербосынұлынан жеңілген болатын. Ал ақпандағы кейінгі жекпе-жегінде Лукас отандасы Симеон Тчетхуды бірінші раундта нокаутпен жеңді.
Еске салайық, Тұрсынбай 10-шілде Алматыда MTK Kazakhstan ұйымдастыратын бокс кешінде жекпе-жекке шығады.