Бокс
21 маусым 2021 21:24
 
Тұрсынбай Құлахмет Алматыдағы бокс кешінде Айдос Ербосынұлының бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасуы ықтимал

  Пікірлер

blog.share

Тұрсынбай Құлахмет Алматыдағы бокс кешінде Айдос Ербосынұлының бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасуы ықтимал Сурет: Boxing in Africa

Орта салмақта жұдырықтасатын намибиялық боксшы Лукас Ндафолума (19-3, 10 КО) қазақстандық Тұрсынбай Құлахметтің  (3-0, 2 KO) келесі қарсыласы болуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне жағдайға жақын дереккөз хабарлады. 

Жарақат алып, айқастан бас тартқан украиналық Станислав Скороходтың (20-2, 17 КО) орнына үш боксшы қарастырылып отыр, олардың арасында Ндафолума бар екен.

Намибиялық 2019 жылы Алматыда Айдос Ербосынұлынан жеңілген болатын. Ал ақпандағы кейінгі жекпе-жегінде Лукас отандасы Симеон Тчетхуды бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Еске салайық, Тұрсынбай 10-шілде Алматыда MTK Kazakhstan ұйымдастыратын бокс кешінде жекпе-жекке шығады.

Жарнама

Живи спортом!