"Тура айтайын". Канелоны қорқытқан боксшы тарихта ең ұлыны атады
Америкалық боксшы Давид Бенавидес суперауыр салмақта WBC, WBA және WBO чемпионы украиналық Александр Усикпен жекпе-жек туралы ойын айтты.
Америкалық боксшы Давид Бенавидес суперауыр салмақта WBC, WBA және WBO чемпионы украиналық Александр Усикпен жекпе-жек туралы ойын айтты.
FightHype арнасындағы сұхбат кезінде Бенавидестен аяқ-асты Усикпен жұдырықтасу туралы сұрады.
"Тура айтайын. Усикпен тартысатындай тәжірибем бар деп айта аламаймын. Бірақ ешқашан да "ешқашан" деп айтап демекші, болашақта, бұл айқас мүмкін болатын шығар. Ал қазіргі таңда мен нақты қарсыластарды назарымда ұстап отырмын.
Мүмкін, бір 5-6 жылдан кейін... Бірақ... Жасы нешеде болып кетеді?... Шамамен, 40 жаста бола ма?.. Былай ғой, мен Усикті қатты құрметтеймін. Тарихтағы ең ұлы боксшы деп есептеймін. Егер онымен рингке шығу мүмкіндігі туса, мен бас тартпас едім. Алайда бұл менің өмірімдегі ең ауыр айқас болатын еді", - дейді Бенавидес.
Айта кетейік, Бенавидес екінші орта салмақтағы Сауль Канело Альваресті бірнеше рет жекпе-жекке шақырған, алайда, Канело әлі күнге дейін ба стартумен келеді. Осыдан кейін жанкүйерлер Давидті "Канелоның қорқынышы" деп атап кеткен.
Жарнама