Жеңіл салмақтағы америкалық боксшы Мигель Гаона (2-0, 1 КО) кәсіпқойдағы үшінші айқасында нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лос-Анджелестегі бокс кешінде ол пуэрториколық Абдиэль Падилямен (1-2, 1 КО) жұдырықтасты. Төрт раундқа есептелген айқас біріншісінде аяқталды: Гаоне қарсыласын 80 секундта нокаутқа түсірді.
Осылайша, Гаона кәсіпқойдағы үшінші айқасында жеңіп отыр. Ал оның ісін Golden Boy Promotions компаниясы жүргізеді. Падилья болса карьерасында үшінші рет жеңілді.