Бокс туралы жазатын Tim Boxeo Х-аккаунты қазақстандық Ангелина Лукастың (11-1, 5 КО) аргентиналық Дебора Анахи Лопеспен (21-3-1, 1 КО) жекпе-жегін сынға алды.
Екі минуттан 10 раундтық жекпе-жекте төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетіп, супер жеңіл салмқатағы IBO титулын жеңіп алды.
"Бангкокта өткен аяусыз және жиіркенішті жекпе-жек. 27 жастағы Ангелина Лукас төрешілер шешімімен Дебора Лопесті жеңіп, супержеңіл салмқата IBO белбеуін иеленді. Ресми есеп 97-92, 95-94 және 95-94.
Алтыншы раундта Лопес шүйдеден ұрып, ұпайдан айырылды. Ал Лукас шүйдеден үздіксіз соққы жасап отырды, оның үстіне Лопесті 4-5 рет тістеп те алған, алайда еш ұпай жоғалтқан жоқ", - деп жазыпты мәлімет көзі.