"Тозаққа барып келдім". "Канелоның" бұрынғы промоутері алдағы айқасы туралы мәлімдеме жасады
Алты салмақта чемпион болған, қазір промоутерлікпен айналысатын Оскар Де Ла Хойя 13 жыл үзіліс пен жасы келгеніне қарамастан рингке оралуға бел буып отыр, деп хабарлайды vRINGe.com.
Алты салмақта чемпион болған, қазір промоутерлікпен айналысатын Оскар Де Ла Хойя 13 жыл үзіліс пен жасы келгеніне қарамастан рингке оралуға бел буып отыр, деп хабарлайды vRINGe.com.
11 қыркүйекте Лос-Анджелесте 44 жастағы бокс аңызы өзімен түйдей құрдас, UFC чемпионы болған бразилиялық Витор Белфортпен жұдырықтасады. Оскар бұл жекпе-жек тамаша үшін емес, шынайы болғанын қалап, Калифорнияның Атлетикалық комиссиясынан рұқсат алған екен.
"Жігіттер маған осы бір дүние жетпей жүрді. Бар болғаны сол. Біртүрлі естіледі, білемін. Бірақ шынымен бетіме өткізіп алған соққылар жетіспейді. Пакьяо мені таза жеңіп, оңбай таяқ жегенімде боксты қою керек деген сезім болмады, мені бокс қажытқан жоқ. Мэнниге қараңыздар ол әлі жұдырықтасып жүр. Қанша ауыр айқастар өткізсе де. Жасқа қарамаңыздар. Өзіңді қаншада сезінесің сол маңызды. Иә, мен тозаққа барып келдім. Иә, денсаулығыма дұрыс қарамадым. Бірақ кейінгі алты ай жақсы қалыпқа келдім", - дайді Де Ла Хойя.
Жарнама