"Тосын сый". Ағылшын сарапшысы Головкиннің Муратаға көп күш жұмсамағанын айтты
MMA Sport порталының журналисі Бен Смит Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) соңғы жекпе-жегінде Риота Муратаға (16-3, 13 КО) қарсы көп күш жұмсамады деп есептейді. Бұл туралы ағылшын сарапшысы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Головкин мен Мурата айқасы көпшілік күткендей болды. Риота барын салды. Ал Головкин болса көп күш жұмсамады. Қазақстандық боксшы күшін үнемдеп, қарсыласының әлсіз тұсын аңдыды. Жекпе-жектен кейін Генаның әлі де біразға дейін жұдырықтаса алатынын байқадық. Алайда елді таң қалдыратындай айқас көрсетпеді. Мүмкін "Канелоға" тосын сый әзірлеп жүрген шығар. Головкин мен Альварестің үшінші айқасында тосынсый жасап қалар. Бұл сұрақтың жауабын екеуі күзде кездескенде аламыз", - деді Смит.
"Канелоны" сабап зейнетке". Промоутер Головкиннің келесі айқасы туралы
Жарнама