Бокс
19 желтоқсан 2020 08:27
 

Төрт нокдаун. Головкин қарсыласын нокаутпен жеңіп рекорд орнатты

  Пікірлер

blog.share

Төрт нокдаун. Головкин қарсыласын нокаутпен жеңіп рекорд орнатты Сурет: DAZN

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Холливудта өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде польшалық Камил Шереметаны 21-0, 5 КО) нокаутпен жеңді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Холливудта өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде польшалық Камил Шереметаны 21-0, 5 КО) нокаутпен жеңді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта IBF және IBO титулы сарапқа салынған кездесу 12 раундқа есептелген болатын. Жекпе-жек басталысымен Шеремета шабуылға шығып, ринг ортасын ұстамақ болды. Алайда Головкиннің джебтері Еуропа чемпионының меселін қайтарды. Жетінші раундта польшалық боксшы төртінші рет нокдаунға түсті. Осыдан кейін оның командасы айқасты тоқтату туралы шешім шығарды. Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Осылайша, Головкин титулын 21-ші рет қорғап, әйгілі Бернард Хопкинстің рекордынан асып түсті. Осыған дейін екі боксшыда чемпион дәрежесінде 20 жеңісі болған - дивизион рекорды. Америкалық бұл көрсеткішке 1995 пен 2005 жыл аралығы қолжеткізді, ал GGG мұны аз уақытта қайталай алды (2010-2018).

Жарнама

Живи спортом!