Төрт қазақ боксшысы жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Қазақстан құрамасының төрт боксшысы жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасының төрт боксшысы жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ширек финалда Карина Тоқыбай, Аружан Жанғабаева, Ахмет Үсен және Мадияр Бексұлтанов жеңіске жетті.
Ал Дамир Синеев төрешілердің шешімі бойынша өзбекстандық Джафарбек Шахбазовтан ұтылды.
Ширек финалдың нәтижесі:
50 келі
Карина Тоқыбай (Қазақстан) - Рагаб Абушайрах (Иордания) - бірінші раундта нокдаун.
66 келі
Аружан Жанғабаева (Қазақстан) - Таманна (Үндістан) - 4:1.
63 келі
Ахмет Үсен (Қазақстан) - Харишсаини (Үндістан) - 4:1.
70 келі
Дамир Синеев (Қазақстан) - Джафарбек Шахбазов (Өзбекстан) - 1:4.
80 келі
Мадияр Бексұлтанов (Қазақстан) - Фируз Ражабов (Тәжікстан) - үшінші раундта нокдаун
Жарнама