Қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогі-2025 турниірінің финалына дейін жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін бұл турнирде ерлер арасында жарытлай фианлдық айқастар өтіп жатыр.
Қазақ боксшы финалға айқассыз өтіп отыр71 келі салмақта оның жартылай финалдағы қарсыласы косоволық Лорис Идризи жұдырықтасудан бас тартып, Тоқтасынов финалға жекпе-жексіз өтіп отыр.
Енді алтын үшін Тоқтасынов өзге қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіповпен кездеседі. Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны жартылай финалда италиялық Гвиди Ронтани нокдаунмен жеңді.
Финалда тағы бір қазақстандық дерби боладыБұған дейін 63,5 келідегі 1/2 финалда Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ирландиялық Дин Клэнсимен жұдырықтасып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті - 29:28, 30:27, 28:29, 29:28, 30:27.
Енді финалда Мұхаммедсабыр өзге қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллиновпен алтынды сарапқа салады. Ертуған жартылай финалда ринг қожайыны Викторио Илиевті жеңген еді.
Осылай финалда екі жұп қазақстандық дерби жасайдыОсылайша, беделіне қарай кіші әлем чемпионаты аталып кеткен Еуропаның ең көне турнирінің финалында төрт қазақстандық боксшы екі алтынды өзара сарапқа салатын болып отыр.