"Төрешілер әділ болмады". Ангелина Лукас әлем чемпионатында не үшін жеңілгенін түсіндірді
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында IBA намысын қорғаған қазақстандық Ангенлина Лукас Түркияда бірінші айналымда неге жеңіліп қалғанын түсіндірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында IBA намысын қорғаған қазақстандық Ангенлина Лукас Түркияда бірінші айналымда неге жеңіліп қалғанын түсіндірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Еске салайық, әлем чемпионатының бірінші айналымында Лукас бразилиялық Каролина де Алмайдамен кездесіп, оңбай жеңіліп қалды. Төрешілер үш раундтың қорытындысы бойынша 5:0 есебімен бразилиялық боксшыға жеңісті берді.
"Дайындық қиын болды. Қатты жеңгім келді. Маған бразилиялық боксшы қарсылас болды. Бірінші раундтан мен жоғары қарқынды ұстандым. Екінші раунда мен қарқынды арттырып, сериялық соққылармен жұмыс істедім. Әрине, мен рингтік ортасында болып, басымдықты өз қолыма алдым. Бірақ біраз басымдықпен жеңген екінші раундты да төрешілер маған бермеді. Үшінші раундта мен қарқынды одан сайын көтердім. Қарсыласым ентігіп қалғанын көрдім. Егер кездесу төрт раунд болғанда, ол қарқынды мүлде ұстай алмас еді.
Жекпе-жек кезінде мен де қателестім. Алайда бұл бірінші кездесу еді. Әрқашан бірінші айқас оңай болмайды. Оның үстіне қарсыласым жұдырықтасқысы келмей, артқа қашан берді. Егер жеңісті маған бергенде, келесі қарсыласы түркиялық боксшы болар еді. Дегенмен төрешілер әділ болмады. Неге екенін өздеріңіз де білесіздер деп ойлаймын. Осыдан кейін маған кәсіпқой бокс дұрыс деген ойға келдім", - деп жазды Лукас әлеуметтік желісінде.
Жарнама