Бокс
22 сәуір 13:32
 

Төрехан Сабырхан басқа құраманың сапына өтті

  Пікірлер

blog.share

Төрехан Сабырхан басқа құраманың сапына өтті ©Нұрғали Жұмағазы

Бокстан Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан енді Атырау облысы үшін өнер көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бокстан Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан енді Атырау облысы үшін өнер көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшы осыған дейін Түркстан облысының намысын қорғап келген. 

Төреханның сөзінше, енді ол ішкі турнирлерде басқа "құраманың" намысын қорғайды. 

"Иә, мен ресми түрде Атырау үшін рингке шығамын. Негізі бәрі шешіліп қойды, мен де өзім үшін шешім қабылдадым. Түркістанмен шешетін аздаған мәселе қалды, ал жалпы менің өтуім рәсімделіп қойды. Бұл енді сенсация жасайтындай жаңалық емес. Бастысы - бәріміз Қазақстан үшін айқасамыз. Енді ішкі аренада Атырау намысын қорғаймын", - дейді боксшы "Бірінші бол" подкастында. 

Боксшының айтуынша, халықаралық аренадағы сәтті өнер көрсетуден кейін Түркістан облысынан қолдаудың тоқтауы осындай шешімге себеп болды. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!