Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Астанада өтіп жатқан бокс кешінде алғашқы кәсіпқой айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Төреханның қарсыласы чехиялық Йиржи Хауке (4-7, 2 КО) болды. Алты раундтық жекпе-жек үшіншісінде нокаутпен бітті. Төрехан қарсыласын бауырдан соққымен отырғызды.
Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы журналистер сұрағына жауап берді."Қазақ еліне рахмет айтамын. Бүгін анамның туған күні. Бұл жеңісті анама арнаймын. Дебют ойдағыдай өтті. Жекпе-жекке қойған тактиканы толық орындап шықтым.
Кәсіпқойға толық ауысқан жоқпын, алда Олимпиада мен әлем чемпионатының алтынын алып келген соң, кәсіпқойға ауысамын.
Шоу жасаймын деп шықтым, бұл бокс - төбелес емес, өнер, халықтың көңіл-күйін көтеру керек", - дейді Төрехан.