Қазақстандық боксшы Санатәлі (Саматәлінің егізі) Төлтаев Аммандағы Азия чемпионатында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Санатәлі 63,5 келіде өзбекстандық Руслан Абдуллаевпен жұдырықтасты. Төрешілер - 30:27, 30:27, 30:27, 29:28, 29:28 есебімен жеңісті өзбекстандыққа берді.
Мұның алдында Серік Теміржанов (57 келі) бұл жарысты жеңістен бастаған болатын.
Ал кешкі сессияда (21:00-де басталады) әлем чемпионы Сәкен Бибосынов (51 келі) үндістандық Кумар Спаршпен жекпе-жекке шығады.