"Токиоға жүлде үшін ғана барамын". Қазақстандық әлем чемпиионы Олимпиадаға жоспары жайлы
Әлем чемпионы Қайрат Ералиев (56 келіге дейін) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысты жоспарларымен бөлісті.
28 жастағы спортшы Қазақстан чемпионатын үшінші рет ұтып, Ақтауда өткен турнирдің "Үздік боксшысы" атанды. Алда Ералиев 2020 жылғы Олимпиадаға жолдама үшін жұдырықтасады.
"Кез келген спортшының мақсаты - Олимпиада ойындары. Бірақ жай ғана қатысу емес, жеңіп келу. Барып, өз елім үшін жүлде ұтып келіп, отандастарымды қуантқым келеді. Олимпиадаға жолдама ұтып алсам, ойындарда міндетті түрде жүлде жеңіп алам", - дейді боксшы.
Сонымен бірге, ол Ақтауда қарсылас болған 20 жастағы Оразбек Асылқұловтың мүмкіндіктерін де болжап көрді. Ералиевтің ойынша, жас боксшы ұлттық команда құрамында кәсіби тұрғыдан өсе алады.
"Жақсы қарсылас. Жас әрі назар аудартатын боксшы. Болашағы зор деген ойдамын. Ақтауда көрсеткен нәтижесі арқасында Қазақстан құрамасы сапына кірді. Мұнда ол тәжірибе жинап, күштірек бола түседі", - дейді Ералиев.
Еске салайық, Қазақстан чемпионаты қорытындысы бойынша ұлттық құрама жинақталды. Бұл құрам Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама үшін жұдырықтасатын болады.

Жарнама