Бокс
19 ақпан 2019 11:00

Тіленген өзі. Ауыр салмақтағы қазақ боксшы қарсыласын бір соққымен жеңді

Камшыбек Қоңқабаев. Сурет: Данияр Майлыбаев
Бокстан қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев "Странджа-2019" халықаралық турнирінен шығып қалған еді, дегенмен, ол әдемі жеңісімен ерекшеленді. Толығырақ Vesti.kz материалында. 


Қамшыбек Болгариядағы жарыстың бірінші айналымында әлемнің вице-чемпионы түркиялық Мусахит Илияспен жұдырықтасып, оны екінші раундта жеңді. Түркиялық қарсылас Қамшыбекті шабуылдауға шақырады - Қоңқабаев ұзаққа созбады: қазақстандықтың бір ғана соққысы түркиялық боксшыны есеңгіретіп тастады. Төреші нокдаун есептей бастады да, кейін жекпе-жекті тоқтатып тастады. 



Айта кетейік, Қоңқабаев Қазақстан құрамасына қаңтарда капитан болған. Оған дейін команда көшбасшысы Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов еді, ол 2018 жылы қарашада карьерасын аяқтады.