Бокс
7 қараша 2019 10:45
"Титулды қорғаған соң, "Канеломен" жекпе-жек". Промоутер Головкиннің жоспарын ашып айтты
© Тұрар Қазанғапов
Қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) ісін жүргізетін промоутерлердің бірі, Matchroom Boxing компаниясының басышысы Эдди Хирн боксшының алдағы жоспарларын айтты.
"Головкин Шереметамен ақпанда жұдырықтасып, ал мамырда "Канеломен" жекпе-жек өткізе алады. Мұнымен ешқандай қиындық болмайды. DAZN бұл кездесуді өткізуді қалайды. Меніңше, бұл тамаша жекпе-жек. Қазіргі таңда бокс әлеміндегі ең ірісі де шығар", - дейді Хирн.