"Он раундты жекпе-жек болады. IBF, WBA, WBO немесе WBC ұйымдарының аймақтық белбеуі ойнатылатын шығар. Әзірге қарсылас жоқ. Бірнеше боксшымен келіссөз жүргізіп жатырмыз - жекпе-жек күні мен уақыты белгіленгенін күттік", - дейді Алиев.
Елеусінов кейінгі рет рингке былтыр желтоқсанда шығып, америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңген.