Бокс
29 наурыз 2020 10:40

"Тест жиынтығын Кореядан алдырдым". Мэнни Пакьяо карантинде жатыр

Сурет: MSN.com
41 жастағы бокс жұлдызы және Филиппин сенаторы Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) COVID-19 коронавирусына тест тапсырды, - деп хабарлайды tofight.ru


Тест нәтижесі вирус барын көрсеткен жоқ, дегенмен, боксшы карантинде жатыр.

"Уайымдамаңыздар, Оңтүстік Короядағы достарымнан жылдам тестілеу жиынтығын алдым және ол менде вирус жоғын көрсетті. Бізде бұл жиынтық әлі мақұлданбады, бәрақ, Оңтүстік Кореяда кеңінен қолданылады. Маған өзіміздің медициналық институтта тест тапсыруға көндіруге тырысуда, алайда, менде ешқандай симптом жоқ. Ал жалпы бәрібір карантиндемін. Біздің адамдарды көбірек тест жиынтықтары және дәрі-дәрмекпен қамтамассыз етуге тырысамын", - дейді Пакьяо.