Тегі мексикалық боксшы "Канело" - Головкин айқасына қатысты ойын батыл айтты
Үш салмақта өнер көрсетіп жүрген әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Бенавидес (25-0, 22 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) трилогияда Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) жақтас болатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сарапшы "Канелоға" үлкен қауіп төнгенін мәлімдеді
"Муратамен айқаста Головкин жақсы көрінді. Меніңше, ол "Канеломен" қалай жұдырықтасу керегін білетін боксшы. Өзгелер айтып жүргендей онымен еден сүртеді деп ойламаймын, мұны екеуі ғана анықтай алады. Бұл тамаша жекпе-жек болады. Ештеңеге қарамастан мен Головкинге жақтаспын. Менің ең сүйікті боксшыларымның бірі. Адам ретінде де ұнайды. Керемет жігіт, сондықтан оны әрдайым қолдаймын", - деп береді Бенавидестің сөзін Fight Hub TV.
Айта кетейік, осыған дейін орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Келли Павлик отандасы Давид Бенавидесті мексикалық Сауль Альварес үшін ең қауіпті қарсылас деп есептейтінін айтқан еді.
Жарнама