Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты есеке алуға арналған бокс турнирінде жартылай финалдық айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
54 келі салмақтағы финалға жолдама үшін өткен жекпе-жекте Бибосынов өзбекстандық Фарезбек Дусматовпен кездесті. Бұл жекпе-жекте Сәкен 5:0 есебімен таза жеңіске жетті.
Дусматов туған інісімен айқасу керек болған
Айта кетейік, Фарезбек Дусматов Олимпиаданың екі дүркін чемпионы "Профессор" лақап атты Хасанбой Дусматовтың туған інісі - бұл жарысқа бірге келген ағайынды боксшылар бір салмақта өнер көрсетіп, турнирдің ширек финалында бір-бірімен кездесу керек боғлан. Алайда Хасанбой туған інісімен жұдырықтаспай, жарысты жалғастырмайтын болып шешті.
Ал Бибосынов 2021 жылғы әлем чемпионы, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және Азия біріншілігінің күміс пен қола жүлдесін жеңіп алған.
Жарнама