Бокс
25 маусым 2020 12:01

Тайсон асыра мақталған. Суперауыр салмақтағы ұлы боксшылар аталды

Сурет: Sportbox
Британиялық SportBible порталы суперауыр салмақтағы боксшылардың өзгеше рейтингін жасады. 

Бұл рейтингтің бір қызығы Владимир Кличко мен Майк Тайсон сияқты мықтыларды "асыра мадақталған" категориясына қойыпты, ал Виталий Кличко мен Тайсон Фьюри "элиталы" санатында тұр. Сонымен қоса, бұл рейтингте "өте нашар" және "боксшы емес" деген пунктер бар екен. 

SportBible толық рейтингі мынадай:

Ұлылар: Леннокс Льюис, Эвандер Холифилд, Рой Джонс
Элиталы: Тайсон Фьюри, Виталий Кличко, Риддик Боу
Асыра мақталғандар: Майк Тайсон, Владимир Кличко, Дэвид Хэй
Жақсылар: Энтони Джошуа, Деонтей Уайлдер, Крис Берд, Майкл Мурер
Ортаңқол: Энди Руис, Джозеф Паркер, Хасим Рахман, Руслан Чагаев, Корри Сандерс, Самуэль Питер, Султан Ибрагимов, Олег Максаев
Өте нашар: Шеннон Бриггс, Бермейн Стиверн, Николай Валуев, Франк Бруно, Джон Руис, Леймон Брюстер, Херби Хайд, Сергей Ляхович, Генри Акинванде
Боксшы емес: Чарльз Мартин, Брюс Селдон