Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Өзбекстан мен Қазақстан боксшылары арасындағы алғашқы айқас болады, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финалдық кезеңде 86 келі салмақта Сағындық Тоғамбай ринг қожайыны Шохжахон Абдуллаевпен жұдырықтасады.
Ал кәсіпқойда өнер көрестіп жүрген Абдуллаев жастар арасындағы Азия чемпионы екенін айта кетейік. Ол ӘЧ-дегі бірінші кездесуінде қырғызстандық Еркин Адылбековтен басым түсті.