Бокс
13 наурыз 2023 17:00

Ташкентте Қазақстан құрамасын үлкен сын күтіп тұр - Сәкен Бибосынов

©AIBA

Странджа кубогіндегі сәтсіздік бокстан Қазақстан құрамасының Ташкентте өтетін әлем чемпионатында өнер көрсетуіне еш әсер тепейді. Мұндай пікірді 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

- Странджа кубогіне бармадыңыз. Қалай ойлайсыз командада орныңыз ойсырап тұрды ма?

- Жалпы бару керек едім. Алайда жаттығу кезінде жарақат алып қалдым. Ол жаққа көбіне командадағы үшінші-төртінші нөмірлі боксшылар аттанды. Странджа кубогі мықты жарыс, дегенмен дәрежесі АЧ мен ӘЧ-ден төмен. Жас жігіттерді де сынап көрген дұрыс болды деп ойлаймын. 

- Өзбекстан Странджа кубогінде жеңіске жетті, ал ӘЧ өз елдерінде өтеді. Бұл біздің боксшылар үшін мотивацияны арттыра ма?

- Өткен ӘЧ-де олар бірде-бір алтын алмады, ал бізде болды. Сондықтан олар барынша дайын отыр. Біз оларға барамыз. Демек бізді ауыр сынақ күтіп тұр. Біз дайынбыз. 

- Кәсіпқойға кету ойыңызда жоқ па?

- Қазір бар ойым әуесқойда. Әрине, ой да, арман да бар. Дегенмен толық бір шешімге келмедім. Алдымен ӘЧ, кейін Олимпиада. Содан кейін болады. Әрине мұны әке-шешеммен талқылауым қажет. Бапкерлермен де. Көреміз. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport