Ташкентте қазақ боксшы екінші қарсыласын нокаутқа түсірді

Бокстан Қытай құрамасындағы қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокстан Қытай құрамасындағы қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келі салмақта өнер көрсететін Тоқтарбек 1/8 финалда мысырлық Әбделгавад Салахпен жұдырықтасып, екінші раундта нокаутқа түсірді.
Осылайша, Тоқтарбек ӘЧ-нің ширек финалына шықты.
Еске салайық, қазақ боксшы ең бірінші айқасында армениялық Амбарцум Акопянды ұпай санымен жеңді, ал одан кейін марокколық Мохамед Ассагирді нокаутқа түсірді.
Жарнама