"Тарихты қайта жазуды ұнатады". Головкиннің промоутері боксшыны мінейтіндерге қатысты ойын айтты
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшыны сынға алғандарға жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшыны сынға алғандарға жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейін Twitter қолданушылары Головкинді шамадан тыс бағаланған боксшы екенін айтып, оны Андре Уордпен жекпе-жектен қашты деп айыптады. Өз кезегінде The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер пікірталасқа араласпады, бірақ мұндай мәлімдемелерге өз реакциясын көрсететін GIF жариялады.
https://twitter.com/dougiefischer/status/1427041637608288258?ref_src=twsrc^tfw|twcamp^tweetembed|twterm^1427041637608288258|twgr^|twcon^s1_c10&ref_url=https://vesti.kz/profi/oni-ne-nauchatsya-promouter-golovkina-otreagiroval-napadki-299818/
Кейінірек Леффлер пікірталасқа қосылды. "Кейбір адамдар тарихты өз әңгімесіне сәйкес қайта жазуды ұнатады. Дуг, олар ешқашан сабақ алмайды", - делінген промоутердің Фишер жазбасына жауап ретінде.
https://twitter.com/TomLoeffler1/status/1428107785829425157?ref_src=twsrc^tfw|twcamp^tweetembed|twterm^1428107785829425157|twgr^|twcon^s1_c10&ref_url=https://vesti.kz/profi/oni-ne-nauchatsya-promouter-golovkina-otreagiroval-napadki-299818/
Еске салайық, Головкин рингке былтыр желтоқсанында польшалық Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіргелі рингке шыққан жоқ. Осы айқаста Геннадий әлем чемпионы атағын 21 рет қорғады.
Қазақстандық босшы желтоқсанда орта салмақта WBA титулына ие жапониялық Риота Муратамен жекпе-жек өткізеді деп болжануда.
Жарнама