Britishboxingnews.co.uk сайты қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды, деп жазады Vesti.kz.
31 жастағы Әлімханұлы орта салмақта WBO мен IBF титулдарын 5 сәуір Астанада өтетін бокс кешінде қорғайды. Қарсылас франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО).
"Жеңіліп көрмеген Әлімханұлы бірнеше титулды өз елінде қорғайтын алғашқы қазақстандық ретінде тарихқа кіргелі тұр. "Үйге оралу" атты шара елдің бокстағы бай мұрасын паш етпек.
Қазақстанның жанкүйерлері мен боксшыларында ұзақ уақыт чемпиондарын өз көзімен көру мүмкіндігі болмады. Геннадий Головкин және қазір Жәнібек Әлімханұлы сияқты жұлдыздар титулдарын көбіне АҚШ-та қорғады.
Қазақстан өзінің бокс дәстүрін мақтан тұтады, бұл елде Олимпиаданың 23 жүлдегері және Геннадий Головкин, Серік Сәпиев пен Василий Жиров сияқты аңыздары бар. Алайда бұл қазіргі тарихтағы өз елінде чемпион атағын алғаш қорғау болады, ал бұл Қазақстан әлемдік бокс аренасына шығып отырғанын көрсетеді", - делінген материалда.