Тарихта қалады! "Канело" абсолют чемпионмен жекпе-жекке шығады

Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес (59-2-2, 39 КО) келесі жекпе-жегін 30 қыркүйек Лас-Вегаста өткізеді. Қарсылас бірініш орта дивизионда абсолют чемпион америкалық Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО) болады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" жекпе-жек постерін әлеуметтік желіге жариялап та қойды.
Бұған дейін "Канело" орта самлақта WBC чемпионы Джермалл Чарло (32-0, 22 КО), Джермеллдің егізімен айқасады деген хабар тараған еді, алайда олай болмай шықты.
Альварес кейінгі рет мамыр айында жұдырықтасып, 12 раунд қорытындысы бойынша британиялық Джон Райдерді (32-6, 18 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.
Жарнама