Бүгін, 30 мамырда Дубайдағы Азия чемпионатында әйелдер арасында шешуші айқастар өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тарихта алғаш рет құрлықтық жарыс финалына тоңыз бірдей қазақстандық боксшы қыз шығып отыр.
Жекпе-жектер Қазақстан астанасының уақытымен 20:00-де басталады. Qazsport турнирдің жарыс күнін тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.
Жартылай фианладғы жұптар:
48 келі. Алуа Балқыбекова - Гуласал Султоналиева (Өзбекстан)
51 келі. Назым Қызайбай - Мэри Ком (Үндістан)
54 келі. Дина Жоламан - Ситора Шогдарова (Өзбекстан)
57 келі. Владислава Кухта - Ситора Турдибекова (Өзбекстан)
60 келі. Римма Волосенко - Хусватун Хасана (Индонезия)
64 келі. Милана Сафронова - Лалбуатсаихи (Үндістан)
69 келі. Валентина Хальзова - Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
81 келі. Фариза Шолтай - Сохиба Рузметова (Өзбекстан)
+81 келі. Ләззат Күнгейбаева - Анупама (Үндістан)