Тәлтіректеп қалды. Садриддин Ахмедовтің жекпе-жегін төреші тоқтатып тастады

Қазақастандық боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) АҚШ-тағы екінші жекпе-жегін өткізді.
АҚШ-тың Санта-Инезе қаласындағы бокс кешінде ол жергілікті Рафаэль Игбоквемен (17-5, 7 КО) жұдырықтасты.
Бұл айқас Chumash Casino аренасындағы ивенттің басты айқасы болды. Бұл жекпе-жекте Садриддин толықтай басымдық көрсетіп, жетінші раундта Игбоквені техникалық нокаутпен жеңді. Америкалық боксшы ауыр соққылардан қорғануға да шамасы жетпей қалғандықтан төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Бұл бокс кешін Геннадий Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлердің 360 Promotions компаниясы ұйымдастырды. Бұл Ахмедовтің Амеркиадағы алғашқы жекпе-жегін тамызда өткізіп, жергілікті боксшы Антонио Тоддты (17-11, 9 КО) нокаутқа түсірген еді.
Ал Игбокве 2020 жылы Амеркиа бокс федерациясының нұсқасы бойынша чемпиондық атақты алған еді.
Жарнама