Бокс
2 сәуір 2019 10:09
 
"Талқандаушыны" жеңгеннен кейін Ербосынұлы WBA рейтингінің ТОП ондығына кірді

  Пікірлер

blog.share

"Талқандаушыны" жеңгеннен кейін Ербосынұлы WBA рейтингінің ТОП ондығына кірді

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) және жартылай орта дивизионда жұдырықтасатын  Нұрсұлтан Жаңабаев (7-0, 5 КО) Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде бес саты жоғарлаған, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшылар наурыздың 25-не қараған түні "Алматы Аренада" өткен бокс кешінде жекпе-жек өткізген.

Ербосынұлы "Талқандаушы" лақап атты намибиялық Лукас Ндафолуммен он раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, Ербосынұлы екінші деңгейдегі WBO Global және WBC Asia белбеулерін қорғап, үстіне бос болған WBA Inter-Continental белбеуін иеленді. 

Жаңабаев WBA Inter-Continental белбеуі үшін жекпе-жекте Иван Матутені жеңді, қарсылас екінші раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

WBA ұйымының жаңартылған рейтингінде Ербосынұлы екінші орта дивизионда тоғызыншы орында, Жаңабаев та өз салмағында тоғызыншы тұр.

Жарнама

Живи спортом!