Бокс
26 маусым 2019 12:44

"Талқандаушыны" жеңген қазақстандық боксшы WBO рейтингінің үздік ондығына кірді

Айдос Ербосынұлы. Сурет: Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов©
Екіші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынулы (11-0, 8 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде бір саты жоғарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Соңғы рет Ербосынұлы наурыз айында Алматыда жұдырықтасып, "Талқандаушы" лақап атты намибиялық Лукас Ндафолуманы төрешілер шешімімен жеңді. Бұл жекпе-жекте қазақстандық WBO Global ижәне WBC Asia белбеулерін қорғап қалды және бос болған WBA Inter-Continental титулын иеленді.

Осы жетістігінің арқасында Ербосынұлы WBO рейтингінде оныншы орынға көтерілді. Айдос Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінде де осы сатыда. 

Рингке қазақстандық боксшы 14 тамыз Аустралия астанасы Сиднейде шығады. Қарсылас әзірге белгісіз.

Карьерасында жеңіліп көрмеген Ербосынұлы Ресей, Украина, АҚШ пен Қазақстанда жекпе-жектер өткізген.