Тағы нокаут! Кіші ӘЧ-де қазақ боксшының қарсыласын төреші аман алып қалды

Қазақстандық Мұхамедсабыр Базарбайұлы бокстан Странджа кубогі-2025 халықаралық турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Мұхамедсабыр Базарбайұлы бокстан Странджа кубогі-2025 халықаралық турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Болгарияда өтіп жатқан және кіші әлем чемпионаты аталып кеткен жарыстың 1/8 финалы кезеңінде қазақстандық боксшы грузиялық Саба Ткебучавамен жекпе-жек өткізді.
Үшінші раундқа дейін Мұхамедсабыр басымдығын көрсетті. Ал үшінші раунд басында төреші жекпе-жекті тоқтатып тастады.
Осылай қазақ боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
27 ақпандағы ширек финалда Базарбайұлы ирландиялық Джейсон Невинмен жұдырықтасады, ол өз кезегінде бірінші кездесуінде қытайлық Мей Лу Наны жеңген болатын.
Жарнама