Тағы да Иран. Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары белгілі
Азия чемпионатында қазақстандық боксшыларға финалға шығу жолында қарсылас болатын спортшылар анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Азия чемпионатында қазақстандық боксшыларға финалға шығу жолында қарсылас болатын спортшылар анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан командасынан жартылай финалға алты боксшы шықты, ал Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин және әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов жарыстан шығып қалды.
Жартылай финалда кездесетін боксшылар:
49 келі. Даниял Сәбит - Марк Лестер Дюренс (Филиппин);
52 келі. Сәкен Бибосынов - Амит Пангал (Үндістан);
69 келі. Абылайхан Жүсіпов - Баттумур Мишеелт (Моңғолия);
75 келі. Әбілхан Аманқұл - Сейедшахин Мусави (Иран);
91 келі. Василий Левит - Рустам Ырысбек уулу (Қырғызстан);
+91. Қамшыбек Қоңқабаев - Пуриа Амири (Иран).
Мұндағы ең қауіпті қарсылас Сәкен Бибосыновқа түсіп отыр - Амит Пангал әлемнің вице-чемпионы (2019), Азия (2019) және Азия ойындарының чемпионы (2018).
Азия чемпионатының жартылай финалы 27-28 мамыр, ал шешуші кездесулер 30-31 мамырда өтеді.
Жарнама